Институт бастығы вакцина қабылдауға шақырады

Институт бастығы вакцина қабылдауға шақырады

Мемлекет басшысы атап өткендей, коронавируспен күрестегі жалғыз сенімді шешім - вакцинация. Бұл локдаундардан шығу стратегиясын алдын-ала ойластырған елдердің мысалымен дәлелденді. Қазір олардың экономикалары мен азаматтардың күнделікті өмірі пандемиялық күйзелісті сезінбейді.

7 сәуірде ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов тұрақты құраммен кездесіп, қызметкерлерді  COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өтуге шақырды. 

"Бүгінгі таңда Covid-19 инфекцияларының жалпы өсуі ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар санының артуымен, сондай-ақ өлім жағдайларының көбеюін көрсетіп отыр. Сондықтан, әрқайсыңыздың отбасыңыз, ата-анаңыз бар екенін ескере отырып, Мен  сіздерді вакцина алуға  ұсыныс білдіремін", - деді ол.

Вакцинацияның бірінші кезеңінен Институт басшылығымен қоса алғанда  6 қызметкер өтті.  Екпе алуға ниет білдірушілердің қатары тағы артуда.

Вакцинаны алған қызметкерлердің бірі - инновациялық технологиялар, оқытудың техникалық құралдары және байланыс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алексей Цуркан. "Мен үнемі жұмыста екенімді ескере отырып, алдымен отбасымды ойладым. Олардың  қауіпсіздігі үшін бір ай бұрын мен вакцина алдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін", - деді ол.

Институт ұжымы тұрғындарды вакцина қабылдауға шақырады. Өйткені, осы арқылы өзіңіздің  және жақындарыңыздың  денсаулығына  қамқорлық танытасыз.

 

 

ҚР ТЖМ КТИ  баспасөз қызметі