Өткен тәулікте республикадағы 1 тұрғын үйді және 5 үй маңындағы аумақты су басты

Өткен тәулікте республикадағы  1 тұрғын үйді және 5 үй маңындағы аумақты су басты

Ел аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Су тасқыны кезеңінде Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін ТЖМ-де ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар 9 өңірде құрылған: Нұр-Сұлтан қ. Ақмола, Ақтөбе, БҚО, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және СҚО ТЖД.

Өткен тәулікте ШҚО Бородулиха ауданының Орловка ауылында еріген қар суынан 1 тұрғын үй және 3 тұрғын үйдің аулалық аумағы су астында қалды.

Еріген су кентке Жезкент кентінің жағынан егістіктен келеді,  су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін әкімдіктің 2 бірлік техникасы және 4 қызметкері, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 3 бірлік техника, 4 мотопомпа, 1 қайық және 24 адам жұмылдырылды. Эвакуация пункті ұйымдастырылды, бірақ үй тұрғындары эвакуациядан бас тартты.

Түркістан облысының таулы жерлерінде жауын-шашын жаууына байланысты Сасық өзенінде су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлердің 2 аула аумағын су басты. Су деңгейі 20 см.

ЖАО (18 қызметкер, 4 бірлік техника) және ТЖД күштері мен құралдары (13 қызметкер, 2 мотопомпа, 3 бірлік техника) суды сору жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы күні сағат 06:00-де су деңгейі 20 см-ге төмендеді.

Көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында өңірлер аумағында ЖАО күштерімен және ТЖМ бөлімшелерімен тәулік ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

Байқоңыр ауданында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, барлығы 565 текше метр су сорылды.

Ақмола облысы бойынша:

Облыстың 2 қаласы мен 12 ауданында 24 текше метр қар шығарылып, 22 624 метр каналдар мен арықтар тазартылды. Көшелер мен аула аумақтарынан 4977 текше метр еріген қар суы сорылды

Көкшетау қаласы мен 4 ауданда (Атбасар, Бұланды, Есіл, Шортанды) инертті материалы бар 1606 қап төселді, 381 м бөгет нығайтылды.

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе, Хромтау қалаларынан және Мәртөк, Әйтеке би, Мұғалжар аудандарынан 210 текше метр қар шығарылды, 4890 текше метр су сорылды, тұрғындардың өтініші бойынша 47 текше метр құм әкелінді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Семей қаласында жерасты сулары сорылды. 142 текше метр сорылды.

Бесқарағай ауданында Бесқарағай ауылының көшелері мен аула аумақтарынан еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізілді, 1647 текше метр сорылды.

Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында аулалық аумақтарға инертті материал себу бойынша, тұрғын үйлерді көшедегі суағарлар бойынша өтетін егістіктерден келетін судан қорғау үшін ЖАО жұмыстар жүргізуде.   

Алтай ауданында халықтың әлеуметтік осал санатындағы тұрғын үйлер мен Зубовка орта мектебінің аулаларын қардан тазалау, сондай-ақ 46 м су бұру арналарын қар мен мұздан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласы мен Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында 3700 текше метр еріген қар суы сорылды.

Қарағанды облысы бойынша:

Осакаровка ауданында 270 текше метр қар шығарылды, облыстық маңызы бар жолдардағы су өткізу құрылыстарының 53 бірлігі және арық жүйесінің 700 м тазартылды.

Бұқар жырау ауданында (Петровка ауылы) Нұра өзенінде мұзды бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді, 300 шаршы метр алаңда 520-дан астам ұңғыма бұрғыланды.

Қостанай облысы бойынша:

Облыстың елді мекендерінен 240 текше метр қар шығарылды, 480 м арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бейімбет Майлин ауданының Айет ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. 2486 текше метр су сорылды.

Павлодар облысы бойынша:

Железин және Ертіс аудандарында қар шығару жұмыстары жүргізілді, барлығы 2600 текше метр шығарылды.

Павлодар қаласында 937 текше метр су сорылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Облыстың елді мекендерінде 8528 текше метр су сорылды, 16911 текше метр қар шығарылды, жолдардағы су өткізу құрылыстарының 114 бірлігі және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарының 4 бірлігі тазартылды.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары 1221 адам, 570 бірлік техника және 46 бірлік мотопомпа құрамында жұмылдырылды. 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қыметі