Су тасқынының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Су  тасқынының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында су басу жағдайлары болды. Соның салдарынан 13 елді мекенде көшелер мен аулаларды су басты, 1 айналмалы уақытша автомобиль жолын су шайды. 54,4 мың текше метр су сорып алынды.

Ауа райы жағдайына байланысты 171 елді мекенін су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, ол жерлерде 43 мыңнан астам адам тұрады (БҚО – 54 (27 787), Қостанай – 37 (2 527), Ақмола – 31 (3 980), ШҚО –19 (2 312), Ақтөбе – 17 (3 869), СҚО – 13 (2 881).

2021 жылғы 29 наурызда Қазгидромет берген мәліметтер бойынша ылғал қорының көлемі Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде 42% - ға және Аят 19%-ға (Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасына ағысы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің бассейнінде 15,5% - ға (Сергеев су қоймасына ағысы), Қарағанды облысындағы тоқырау өзенінің бассейнінде 15,5% - ға нормадан жоғары.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Кеңгір өзенінің бассейнінде 6,6 есе (Кеңгір су қоймасына ағысы), Нұра өзенінің бассейнінде (Самарқанд су қоймасына ағысы) және Ақмола облысының Селеті өзенінің бассейнінде (Селеті су қоймасына ағысы) 4,8 есе, Есіл өзенінің бассейнінде (Астана су қоймасына ағысы) 3,4 есе, Шағалалы өзенінің бассейнінде 1,1 есе өткен жылғы мәндерден артық қар қоры сақталады. Ақтөбе облысының Елек өзенінің бассейнінде (Ақтөбе су қоймасына ағысы) оның қоры 501 млн.м3 құрайды, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде осы аумақта қар болмаған. Бұл фактілер орталық, солтүстік, шығыс Қазақстан өзендерінің бассейндерінде белсенді қардың еруі басталмағанын көрсетеді.

Топырақтың қату тереңдігі Батыс Қазақстан (+51 см), Солтүстік қазақстан (+74 см), Қарағанды (+10-нан +66 см), Ақмола (+34-тен +102 см), Қостанай (+24-тен +74 см), Ақтөбе (+65-тен +102 см) облыстарының өткен жылғы көрсеткіштерінен артық.

Қар еру процесі жалғасуда. Еліміздің  53% аумағын қар басып жатыр: Атырау облысында – 40%, Қызылорда облысында – 0%, Маңғыстау - 0%, Түркістан облысында – 2%, Алматы облысында – 19% құрайды. Жамбыл – 3%.

Қызылорда облысындағы Сырдария өзендерінде және Алматы облысындағы Іле өзендерінде сең жүріп өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде, Атырау облысындағы Жайық өзенінде сең жүріп жатыр, бұл су кептелісіне және жайылмалық учаскелерге судың шығуына әкелуі мүмкін.

Биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2020 жылы еліміздің өңірлері 148,9 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды нығайту, су тасқыны қаупі бар өзендердің 374,7 шақырым арнасын тереңдету, 14,7 мың шақырым су бұру арналарын орнату, арналарды және арықтарды және су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Су тасқынымен күресу үшін материалдық ресурстар дайындалды: бұл 4 мың тоннадан астам жанар-жағармай, 238,7 мың тонна инертті материалдар, 1005 мың дана құм салынған қап, су тасқыны кезеңінде жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 26 шарт жасалды.

Наурыз айында өзендер мен көлдерде мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Ақмола (Селеті, Жабай, Түрген, Нұра және Жыланды),  Шығыс Қазақстан (Үбі, Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Барлық),Қарағанды (Сабырқожа), Қостанай (Сарыөзен, Қарасу, Дәмді, Тімтуір, Кирпичка,  Заречка, Теректі және Құндызды, Қарғалы, Аят, Тобыл) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (Сілеті,  Шарық, Жембапрақ, Бабықбұрлык, Ақанбұрлық және Имантау көлдері) мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 78 мұз жару жасалды, 16 607,8 кг жарылғыш зат пайдаланылды. Мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаменті және ұйымдардың жеке құрамынан 508 адам мен 163 бірлік техника жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органдар 23,5 млн. астам текше метр қар шығарды. Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда.

Жеке құрамнан жалпы саны 10 мыңнан астам адам және 1,8 мыңнан астам бірлік техника бар күштер мен құралдар топтары (оның ішінде ҰҰ ә/б бөлімшелері және ЖП) жасақталды.

Су тасқынына қарсы күрес және зардап шеккен халықты эвакуациялау үшін ТЖМ жарағында 1863 бірлік техникалық құрар бар, оның ішінде өрт-сорғы станциялары, (46) жеңдік автомобильдер, (34) сорғы-жеңдік автомобильдер (18), батпақ-жол талғамайтын көліктер (55). "Вахтовка" (74), жылжымалы және тіркемелі мотопомпалар (1306), үрлемелі және металл қайықтар (330).

Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін ТЖМ жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды.

27 наурызда су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысына ТЖМ №52859 әскери бөлімінен (Қарағанды облысы) жалпы саны 50 адам, 8 бірлік техника, 4 жүз құралы және 10 мотопомпа жіберілді. Келген топ қазіргі таңда  Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасты.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі