2021 жылдың 29 наурызында ауа-райының нашарлауына, көрінудің шектелуіне, қатты желге, қар мен бұрқасынға байланысты республикалық маңызы бар 1 учаске және облыстық маңызы бар 6 учаске жабылды.
Павлодар - Ленинск - Русская поляна тас жолының 26 шақырымында үш Камаз жүк көлігі мен сегіз жеңіл автокөліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды.
Павлодар облысының ТЖ департаментінен сигнал түскеннен кейін ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Павлодар облысы бойынша филиалының жедел әрекет ету тобы оқиға орнына дереу аттанды.
Жол-көлік оқиғасы кезінде алты адам, оның ішінде бір бала зардап шекті. Зардап шеккен адамдардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде.
Жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетілгеннен кейін барлық зардап шеккен адамдарды Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем бригадалары Павлодар қаласындағы қалалық ауруханаға эвакуацияялады.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Павлодар облысы бойынша филиалы