Шығыс Қазақстан облысына келіп жеткен күштер мен құралдар су тасқынына қарсы шараларды жүргізуде

Шығыс Қазақстан облысына келіп жеткен күштер мен құралдар су тасқынына қарсы шараларды жүргізуде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысына 52859 әскери бөлімі механикаландырылған жиынтық жасақтың жеке құрамынан 50 адам, Қарағанды облысынан  8 бірлік техника, 4 жүзу құралы мен 10 тасымалды мотопомпа, күштер мен құралдар келген болатын. Келген топ қазіргі таңда  Көкпекті ауданының Самар ауылы және Алтай аудандарында орналасты.

Бүгін жеке құрам  тасқын қауіпті аймақта тұрған Самар ауылынан 70 шақырымда орналасқан учаскедегі су өткізу құбырларын тазалауға кірісті.

Бұл уақытта Алтай қаласында әскерилер су-жинақтауыш тоғанның, сонымен қатар су бұру арналарының деңгейіне мониторинг жасауда.

Еске салар болсақ, «Казгидромет» РМК ақпаратына сәйкес ауа температурасының жылынуына байланысты облыстың жазықтықтарында қар қарқынды түрде еріп, еріген су ағуы күтілуде.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі