Республиканың автожолдарында қалыптасқан жағдай және қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Республиканың автожолдарында қалыптасқан жағдай және қабылданатын шаралар туралы ақпарат

А.ж. 23 наурызда "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 12 өңірде (Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан және СҚО) дауылды ескертулер жарияланды.

Нұр-сұлтан Қ., Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар ашылды.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) республикалық автожолдардың 15 учаскесі және 7 өңірде: Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі жабылды.

Нұр-сұлтан Қ., Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 1128 бірлік техника, оның ішінде 209 бірлік жүк және 919 бірлік жеңіл техника шоғырланған.

ТЖМ аумақтық бөлімшелері сағат 18.00-ге 23.03. 275 бірлік жүк техникасы шығарылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 317 адам және 219 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 48 СМС-хабарлама жіберілді, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 44 хабарлама жіберілді. 

Cағат 18.00-де Щучье қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытында автокөліктер колоннасы шықты. Олармен бірге полиция мен жол қызметінің қызметкерлері жолға шықты. Жалпы 2 колонна жасақталды, онда 500 бірлік техника бар. Жолға шығу аралығы 15 минут.  

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі