Курсанттармен тактикалық-арнайы жаттығулар

Курсанттармен  тактикалық-арнайы  жаттығулар

2021 жылғы 16-17  наурызда  ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының жиынтық жасағымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Айтулы шара аспиранттар,  адъюнкттер, магистранттар, курсанттар мен студенттер арасында «Тарихи аспектілер, азаматтық қорғауды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында өтетін 9-шы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығуға 2-ші курстың жеке құрамы қатысты.  Сондай-ақ айтулы іс-шараға КТИ бастығының орынбасары М.Омаров, азаматтық қорғаныс және әскери дайындық кафедрасының бастығы М.Қуанышбаев, Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ә.Жақсылықов қатысты.

Бірінші күні Застанционный кентінде жиынтық жасақ 410 қапты инертті материалмен толтырып, олардың көмегімен вокзал маңындағы тұрғын үйлерді Қылшақты өзенінің тасқын суларынан қорғау мақсатында уақытша  бөгет  орнатты.

17 наурызда курсанттар тасқын сулардың кедергісіз өтуі үшін Садуақасов көшесі бойындағы айналма жыраның арнасын қардан және қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығулардың мақсаты - тұрғындарды көктемгі су тасқынынан қорғау бойынша алдын-ала іс-шараларды өткізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

 

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі