Ақмола облысында көктемгі су тасқыны қауіп-қатеріне қалай дайындалуда

Ақмола облысында көктемгі су тасқыны қауіп-қатеріне қалай дайындалуда

Ақмола облысында көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу бойынша дайындық шаралары белсенді жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірге БАҚ өкілдеріне арнап Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарындағы тасқын сулардың дайындығы мен апатсыз өтуіне арналған пресс-тур ұйымдастырды, оның барысында журналисттер тасқынды зиянды азайтуға бағытталған шаралармен танысты. 

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы көктемгі су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары өткен жылы жазда басталды.

«Өңірлердің әкімдіктері 43 елді мекенде ұзындығы 47,1 шақырым су бұру арналарын орнату, 5,2 шақырым топырақ үйілген бөгеттерді нығайту, 4,8 шақырым топырақтан бөгеттер салу, 24,4 шақырым өзен арналарын тазарту, 50 су өткізу құрылыстарын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақында 10 ауданда мұзды қопсыту және жару жұмыстары басталады», - деді басқарма басшысының орынбасары Қанат Доспаев.

Айта кетелік, облыста су басу ықтималдығы бар 125 елді мекен бар.

Су басу қаупі жоғары аймақтар саналатын Аршалы ауданында 9 елді мекенде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Елді мекендерді инженерлік қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес, Есіл өзені арнасының бойында орналасқан Жібек жолы және Түрген ауылдарындағы тұрғын үйлердің аулаларына топырақтан бөгеттер тұрғызу, жыраларды, су өткізу құрылыстары мен өзен арналарын өсімдіктерден тазартылуда.

Ауданда су тасқынының алдын алуда еріктілермен белсенді көмек көрсетіледі, олар аула аралауларында тақырыптық жадынамалар таратады, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін  азаматтардың тұрғылықты жері мен қолда бар үй жануарларының санын нақтылайды.

Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары Целиноград және Астрахан аудандарында да жүргізілуде. Мұнда су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша ауқымды шаралар – өзен жағалауларына жағалау сызықтарын салу, өзен арналарындағы бұталарды кесу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, қазіргі кезде Ақмола облысындағы елді мекендерден барлығы 443,3 мың текше метрден астам қар күрелді, сондай-ақ, 11,6 мың тонна инертті материал, 87,2 мың қаптар дайындалды, 1 мыңнан астам арнайы техника толық дайындыққа келтірілді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі