Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көктемгі су тасқынына дайындалуда

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көктемгі су тасқынына дайындалуда

Шығыс Қазақстанға су тасқыны кезеңі жақындап келеді. Құтқарушылар дайындықты алдын ала бастады. Жағдайды болжау үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда топырақтың қатуы бір жарым метрге жетеді, жазық жерлердегі қар жамылғысының биіктігі 90 см - ге, таулы жерлерде 1,5-тен 2 м-ге дейін жетеді.

53 бекетте су объектілері режиміне гидрометеорологиялық мониторинг жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Мұздың қалыңдығы 94 см. су деңгейі сыни белгілерден төмен. Бұқтырма су қоймасында реттеуші сыйымдылығы 14 млрд 256 млн текше метр, Шүлбі су қоймасында – 522 млн текше метр, бұл тасқын суларды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Наурыз айының ортасына дейін Шүлбі су қоймасында 620 млн.текше метр көлемді жинақтау жоспарлануда, бұл Бесқарағай ауданы мен Семей қаласының елді мекендерін қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. 

Облыс аудандарында барлығы 94 ықтимал су тасқыны қауіпті елді мекен анықталды, онда 7191 тұрғын үй орналасқан, оларда 22613 адам тұрады. ШҚО ТЖД мамандарының көпжылдық деректері бойынша су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай ауданы, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандары үшін жоғары.

Облыстың барлық қызметтерінің жұмысын күшейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шығыс қазақстан облысы аумағында жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Жұмыс топтары су тасқыны кезеңіне жергілікті атқарушы органдарға тексеру жүргізді. Барлық қауіпті учаскелер тексерілді. Су тасқыны салдарын азайту үшін іс-шараларды орындау бойынша ұсыныстар берілді және жұмыстар басталды. Өңірде күштер мен құралдар тобы құрылды: 3 мыңнан астам адам, 2412 бірлік техника және 370 мотопомпа, 108 эвакопункт дайындалды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 97 мың дана қаптар, 15 мың тонна инертті материалдар, 419 тонна - ЖЖМ дайындады. 

Шығыс Қазақстанның аудандарында арық желілері мен нөсер кәріздері тазартылуда. 430 мың текше метр қар шығарылды, жолдарда 5228 су өткізу құрылыстары, 709 көпір, жалпы ұзындығы 428 км 557 арықтар мен арналар тазартылды.

Наурыз айындағы жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжануда.

Су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын тұрғындар қандай шаралар қабылдай алатындығын ШҚО ТЖД хабарлады. Біріншіден, аула аумағын қардан тазалау бойынша уақтылы жұмыстар жүргізу. Егер үйдің жанында арық, су құбыры ағып кетсе, онда оларды судың кедергісіз өтуіне дайындау үшін шаралар қабылдау қажет. Құбырдағы су қатып, арық қоқыспен бітеліп қалады. Үлкен су қаупі бар болса, дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі