Мемлекет басшысының гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қазақстандық әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саясатына сәйкес, сондай-ақ 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында марапатталған Министрліктің орталық аппараты-әйелдерін құттықтау үшін салтанатты жиын өтті.
Қазіргі таңда, Министрліктің орталық аппартында – 88 әйел-қызметкер жұмыс істейді. Жалпы, азаматтық қорғау органдарында 3452 әйел қызмет атқарады, оның 72 әскери-қызметші, 1437 аттестатталған құрам қызметші, 409 әкімшілік мемлекеттік қызметші, 1534 азаматтық қызметші, олардың орта жас шамасы 39 жасты құрайды.
Министр салтанатты жиында өз тағдырларын азаматтық қорғау органдарында қызмет етуге, төтенше жағдайға тап болған жандардың өмірлерін құтқаруға және қорғауға арнаған қиыншылыққа толы қызметін жақындарына деген қамқорлықпен, бала тәрбиесімен және отбасының жайлы қамын жасаумен қатар алып жүрген барлық әйел-әріптестеріне деген таңдануын бідірді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі