
Басты әйелдер мерекесі қарсаңында, оқырмандарды біздің кейіпкеріміз Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Кажтаева Арайлым Абзалқызымен таныстырғымыз келеді. Ол 1997 жылы 05 маусымда Бурабай ауданының Щучье қаласында дүниеге келген.
Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы - ең қауіпті және қысылтаяң кәсіптердің бірі, оны ең батыл адамдар ғана таңдайды. Жылжымалы үш сатылы баспалдақпен биіктікке көтеріліп, аппаратта және ауыр жабдықта қалың түтінмен қозғалу, физикалық дамыған, әртүрлі жағдайларда тез және сауатты әрекет ете білу, бірақ ең қиыны - біреудің өмірін сақтап қалу үшін, өз өміріңізді қатерге тігуге дайын болу қажет.
«Бала кезімнен киім нышанын киюге, органдарда қызмет етуді армандайтынмын. Республикалық спорт мектебін бітірген соң, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2020 жылы Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне жұмысқа орналастым. Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының аймақтық оқу орталығында өрт сөндіруші-құтқарушылардың алғашқы дайындығынан өтті. Қазіргі уақытта бір жылдан асты Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет етіп келемін. Алайда, өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеу арманымның шегі болған жоқ, сондықтан қызметпен қатар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «заң ғылымдарының магистрі» бағыты бойынша оқыдым», - деп Арайлым бөлісті.
Сондай-ақ, ол 2018 жылдан бастап «WT» таеквондодан Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады. Өзінің спорттық мансабын 2010 жылдан бастады. «WT» таеквондо олимпиадалық спорт түрімен Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Урманов Ержан Абдрашитұлында жаттығады.
2021 жылғы 4-12 наурыз аралығында Талдықорған қаласында өтетін «WT» таеквондодан Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысады.
«Менің өмірімдегі мақсатым – әрдайым жетілу және азаматтық қорғау органдарында лайықты қызмет атқару, алдағы уақытта осы бағытта тоқтап қалмауды жоспарлап отырмын және мемлекеттік университетке «Тіршілік қауіпсіздігі негізі» мамандығы бойынша оқуға түсу және мансап сатысымен жоғары жетістіктерге жету», – деді Кажтаева Арайлым.
Ж.М. Жармұханбетов
Көкшетау қ. 2-МӨСБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі