2021 жылғы 1 және 4 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде орталық аппарат қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясат-Біріккен Ұлттар Ұйымының № 1325 резолюциясы» тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырылды. Семинарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жетекші қызметкерлері тарих ғылымдарының кандидаты Бердагулова Сағынтай Кеңесқызы мен Үмбетова Күнзия Ағымбайқызы өткізді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту және Мемлекет басшысының гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қазақстандық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саясатын жүзеге асыру және БҰҰ № 1325 резолюциясының негізгі нормаларын түсіндіру.
Сонымен қатар, әйелдер әлеуетін дамыту, ерлер мен әйелдерге еңбек қызметінде, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда, сондай-ақ ананы жан-жақты қорғауда тең болуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Семинар барысында ұлттық салт-дәстүрлерді, гендерлік теңдікті және әлеуметтік мәселелерді (материалдық аспектілер, тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б.) тәрбиелеу және сақтау саласындағы жобалық қызметті модельдеу бойынша тренингтер өткізілді.
Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті