ТЖ аумақтық органының ахуалдық орталығында Қазақстан Республикасы облыстарының Азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарымен республикалық оқу-жаттығу штабы өрістетілді. Азаматтық қорғаныс сыныбында облыстық штаб жұмыс жасауда. Оқу-жаттығу басшысы ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі И.Күлшімбаев республикалық штаб өкілдеріне республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың міндеттері мен мақсаттарына тағы да тоқталып өтті.
Оқу-жаттығуларға республикалық және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысуда. Оқу-жаттығу шеңберінде өзара іс-қимыл және орталық және жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету мәселелері пысықталуда, су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар, су тасқыны кезеңінде Азаматтық қорғау құралымдары күштері мен халықтың іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар жүргізіледі.
Штаб отырысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, экология және тағиби ресурстар министрлігінің, энергетика, ішкі істер және ауыл шаруашылығы министрліктері жедел топтарынығ басшылары тыңдалды. Содан кейін Қостанай, Шығыс-Қазақстан облыстары, республикалық қызметтер бастықтары мен республикалық штаб өкілдерінің есептері тыңдалды.
Штабтық жаттығу АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру, осы жағдайды басқаруды ұйымдастыру, жинау, қорыту және талдау, сондай-ақ көктемгі кезеңдегі күрделі метеорологиялық жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау және құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі пысықтаумен өткізілді.
Жергілікті басқару органдары, ТЖ жөніндегі комиссия, АҚ қызметі осы жағдайға талдау жүргізді, көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың туындау қаупін жою бойынша күштердің іс-қимыл нұсқаларын жоспарлау және шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар дайындады.
Тыңдау аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы И.Күлшімбаев республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне сұхбат берді.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі