Павлодар өңіріне келісімен түске дейін И.Күлшімбаев Павлодар облысының әкімі А. Скаковпен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың одан әрі өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Бірінші вице-министр облыстық ТЖ комиссиясының отырысына қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Ибрагим Дәукесұлы ТЖ аумақтық органдарының және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы бойынша жалпы жағдайды атап өтті.
Одан кейін И.Күлшімбаев «Көктем-2021» РКШОЖ республикалық басшылық штабының жұмысымен танысып, республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Күннің бірінші жартысында Ибрагим Дәукесұлы Ақсу қаласына барып, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіру бөлімінің қызметкері А.Машраптың отбасына барып, туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Содан кейін Ақсу қаласында ол Ақсу гарнизонының жеке құрамымен кездесті.
ТЖ бірінші вице-министрі түстен кейін Павлодар мемлекеттік «Торайғыров университетінің» басшылығымен және студенттерімен кездесті. Универститеттің ректоры М.Бегентаев төтенше жағдайлар туындаған кезде халыққа көмек көрсетуді жеңілдету бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын айтты. Студенттерді зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету әдістері мен тәсілдеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге үйретуге арналған азаматтық қорғау сыныбы көрсетілді. Қазіргі уақытта университет базасында цех жұмыс істейді, онда қызметкерлер студенттермен қызықты жобалар, халық тұтынатын заттар мен бұйымдар әзірленеді. Бұдан басқа, «Дрондар» сияқты арнайы техниканы әзірлейді, оларды құтқарушылар адамдарды іздеу кезінде, табиғи ТЖ мониторингі, орман-дала өрттерін бастапқы сатысында анықтау кезінде пайдалана алады.
Халықты қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетіне және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға оқыту мақсатында ТЖ департаменті мен облыстың үш жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық және азаматтық қорғау сыныптарын ашу туралы үш меморандумға қол қойылды. Мұндай іс-шаралар халық пен азаматтық қорғау қызметкерлері арасындағы қатынастарды нығайтуға және сенімді арттыруға әкеледі. Кездесу соңында И.Күлшімбаев оқытушылар мен студенттерге қызықты кездесу үшін алғыс айтып, университет ұжымына табыс тіледі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі