
«Көктем 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде облыс әкімі А.Сқақовтың төрағалығымен ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Облыстық комиссия мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың басшысы-ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі И.Күлшімбаев ТЖ министрлігі өткізіп жатқан, ҚР Төтенше ведомстволарының күштері мен құралдарының, жергілікті атқарушы органдардың және барлық тиісті қызметтердің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеруге арналған осы оқу-жаттығулардың маңыздылығына қатысушылардың назарын аударды.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты-су басу қаупі бар аудандарда су тасқынынан туындаған салдарын барынша азайту. Бүкіл республика бойынша азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын жұмылдыру және су басуды болдырмау жөніндегі алдын алу шаралары бойынша жұмыс жүргізілуде. Ибрагим Дәукесұлы су тасқыны кезеңіне дайындығын атап өтті. Бірақ жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменті көктемгі су тасқыны кезеңдегі халықтың ережелері туралы ақпараттық - профилактикалық жұмысты жандандыру қажет екендігін атап өтті. Жол қызметтері республикалық және облыстық маңызы бар трассалардағы жағдайды үнемі қадағалау, жолдар еріген сумен басылған жағдайда уақытша кедергілер мен арнайы белгілерді орнату қажет. Елді мекендерден қар шығару жұмыстарының тоқтататпауын атап өтті.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Е.Өтегенов дайындық кезеңінде ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің және қалалар мен аудандардың ТЖ жөніндегі комиссиясының іс-қимылын үйлестіруді ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді. Төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарларын, өзара іс-қимыл жоспарларын, авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының құрамы туралы мәліметтерді нақтылау және түзету жүргізілді.
Барлық бөлімшелердің қызметкерлері ақпараттық жұмыс жүргізеді, халықты су тасқыны және су басу жағдайларында іс-қимыл жасауға, мұз бен су айдындарында өзін-өзі ұстау қауіпсіздігіне үйретеді.
Оқу-жаттығудың практикалық іс-шараларына қатысуға тартылатын бөлімшелердің барлық техникасы жарамды күйде, қолданыстағы байланыс арналарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді. Оқу-жаттығуға тартылатын жеке құрам оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша оқытылды және нұсқаулықтан өтті.
Оқу-жаттығу барысында электросиреналарды іске қосу арқылы облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесінің дайындығына тексеру жүргізу жоспарлануда.
Комиссия отырысында Павлодар облысының Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы М.Хамитовтың азаматтық қорғау қызметтерінің оқу-жаттығуға дайындығы туралы, облыстық Энергетика қызметінің бастығы Е. Ертаевтың облыстың елді мекендерін қардан тазалауға күштер мен құралдардың дайындығы және жағдайы туралы ақпараты тыңдалды.
Облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы су өткізу құрылыстарын тазалауға күштер мен құралдардың дайындығы туралы облыстық көлік қызметінің бастығы - Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Зенов баяндады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су өткізу құрылыстарын тазалауға күштер мен құралдардың дайындығы туралы облыстық жолдар мен көпірлер қызметінің бастығы – «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ ПФ директоры А.Қабылдин баяндады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті тапсырмалар берді, олардың орындалуын ТЖ департаменті бақылауға алды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі