Анонс

Анонс

2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында елімізде көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуға басшылық Павлодар қаласынан жүзеге асырылатын болады.

Оқу-жаттығуға республикалық және облыстық азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады. 

Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және құлақтандыру, практикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды, азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызмет ету режимін көктемгі кезеңде ТЖ қаупі және туындаған кезде міндеттерді орындауға жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне

8 (7172) 60-21-40, 60-09-75 телефондары,

ps@emer.kz электрондық мекенжайы

арқылы хабарласыңыздар