2021 жылғы 26 ақпанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың үшінші қорытынды кезеңі өтті. Әйелдер арасында VII қысқы чемпионатта қоссайыс бойынша жеке есепте:
І орын - Анастасия Астафьева Ақмола облысы 25,50 нәтижесімен;
ІІ орын - Бажаева Айнура Қостанай облысы 25,77 нәтижесімен;
ІІІ орын - Альмуханова Айрина Нұр-Сұлтан қаласы 26,00 нәтижесімен.
Ал жеке есепте 100 м кедергілері бар жолақтан өту бойынша:
құрметті І орын - Бажаева Айнура Қостанай облысы 17,52 нәтижесімен;
жүлделі ІІ орын - Анастасия Астафьева Ақмола облысы 17,76 нәтижесімен;
жүлделі ІІІ орын - Альмуханова Айрина Нұр-Сұлтан қаласы 18,54 нәтижесімен.
Әйелдер арасындағы VIІ қысқы чемпионатта жалпы командалық есепте:
І орын Нұр-Сұлтан қаласы;
ІІ орын Шымкент қаласы;
ІІІ орын Алматы қаласы.
Естеріңізге салсақ, 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XXІХ қысқы чемпионат, әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жасөспірімдер арасында VІ қысқы чемпионаты өтеді.
Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі