ТЖМ дәрігерлері өз медициналық әріптестерін құтқаруда

ТЖМ дәрігерлері өз медициналық әріптестерін құтқаруда

Қазақстанда бірнеше күн бойы боран соғып тұр. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жолдарда көлік қозғалысы шектеулі. Алайда, адамдар ауырады және ауа-райына қарамастан кез-келген уақытта шұғыл медициналық көмек қажет. Бүгін ауа райының қолайсыздығы санитарлық авиацияның медициналық қызметтерінің жұмысына әсер етті.

Оқиға 25 ақпанда «Алматы – Екатеринбур» автожолының 953 шақырымында, Қызыл қой ауылының маңында болған. Сағат 9.40-та Қарағанды облысы санавиация диспетчерінен келіп түскен ақпарат бойынша, қар құрсауында 5 сағатқа жуық болған дәрігерлер мен науқастарды Шет ауданының аудандық ауруханасынан Қарағанды қаласына алып келге жатқан науқастарды эвакуациялауға көмек қажет болды.

Нөлдік көріну және 27 градус аяз кезінде оқиға орнына Қарағанды облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығы филиалының «Ақсу-Аюлы» трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жіберілді.

Келген бойда, ТМҚП 30 шақырым жерде санавиацияның екі реанимобильінде 3 медицина қызметкері, 2 жүргізуші және екі науқас: жіті инфаркт алған ер адам және босануға дайындалып жатқан жүкті әйел болған.

Сонымен бірге ТЖ орнына аумақтық ТЖ департаментінің барлық жерде жүретін көлігі шақырылды. Автожолдың қар басып қалуына байланысты дәрігерлер мен науқастарды Трэкольмен Қарағандыға көшіру туралы шешім қабылданды. Тоқтап қалған реанимобильдердің жүргізушілері трассалық пунктке жылыту үшін эвакуацияланды.

Үйлесімді әрекеттердің арқасында үсік шалмады. Медициналық көмекке мұқтаж науқастар дер кезінде емдеу мекемелеріне жеткізілді.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы