Қысқы чемпионаттың мандаттық комиссиясы өтті

Қысқы чемпионаттың мандаттық комиссиясы өтті

2021 жылғы 23 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы және өрт сөндіру- құтқару спорты бойынша чемпионатының бас төрешісі Қ.Б. Базарбаевтың төрағалық етуімен чемпионаттың мандат комиссиясы өтті. Осы комиссияға бас төрешілер алқасы, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ТЖД, сондай-ақ КТИ командаларының жаттықтырушылары мен спортшылары қатысты.

«Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы комитетінің бастығы Д.Т.Данаев қысқы чемпионатты өткізуге дайындық бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, чемпионатқа дайындық барысы туралы ерлер, әейелдер және жасөспірімдер командаларының бас жаттықтырушылары 2020 жылғы жарыстардың қоыртындысы және алдағы кезеңге мақсаттар мен тапсырмалар туралы баяндады.

Жиналыс аккредитациялау мәселелері мен облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының ТЖД командаларының жеребе таңдауымен аяқталды.

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД баспасөз қызметі