
2021 жылғы 24 ақпанда Нұр-Cұлтан қаласы ТЖД «Құтқарушы» спорт кешенінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысты.
2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру - құтқару спортынан ерлер арасында XXІХ қысқы чемпионат, әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионаты өтеді. Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс), сонымен қатар Көкшетау техникалық институтынан 272 қатысушы, 18 команда өз шеберліктерін көрсетеді және чемпион атағына таласады.
Өрт сөндіру-құтқару спорты - бұл жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әр түрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қолданбалы қызметтік түрі.
24 ақпанда жарыстың 1 кезеңі – ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында шабуыл баспалдағымен мұнараның 2,3,4 қабаттарына көтерілу.
25 ақпанда жарыстың 2 кезеңі – ерлер, жасөспірімдер орта тобы мен кіші тобы арасында кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өту.
26 ақпанда жарыстың 3 кезеңі – әйелдер арасында кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өту.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аймағында өрт сөндіру-құтқару спортынан 18 ерлер, 12 әйелдер және 13 жастарға арналған секциялар бар. Өрт-сөндіру құтқару спортының жаттықтырушы құрамы 24 адамнан тұрады, олар ерлер, әйелдер және жастар командаларын жаттықтырады.
Қазақстан Республикасында өрт сөндіру-құтқару спорты мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы бері дамып келеді. Осы кезеңге дейін ерлер арасында 28 ҚР қысқы чемпионаты, әйелдер арасында 6 ҚР қысқы чемпионаты, жастар арасында 5 ҚР қысқы чемпионаты өтті. 2018 жылы Қазақстанда Өрт сөндіру –құтқару спорты бойынша федерациясы 60 жылдығын атап өтті.
Өртке қарсы қызметкерлерінің кәсіби қызметінің негізгілерінің бірі болып өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары болып табылады. Өрт сөндіру құралдарын тез арада жаю, адамдарды құтқару, мүліктерді эвакуациялау, биіктікте, түтін мен жоғары температурада жұмыс істеу, қиын жағдайда түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан денсаулық пен төзімділікті, күш жігер мен қайратты талап етеді. Барлық осы қасиеттер спортшы-өрт сөндірушілерде бар. Бұл құмарлық емес, адамдардың өмірін құтқаратын спорт түрі. Бұл спорт түрінің тігінен көтерілу түрімен ерекшеленеді. Бұл спорт түрінің көпшілікке белгілі болуы жыл сайын біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде дамып келеді, бұл дегеніміз өрт сөндіру-құтқару спортының қажеттілігі екенін көрсетеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2021 жылғы 26 ақпанда 17 сағат 00 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Құрқарушы спорткешенінде жоспарланған.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі