Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр төтенше жағдайлар министрінің орталық және атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы баяндамасын тыңдады.
Юрий Ильин Премьер-Министрге министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Қазгидромет» РМК-ның алдын ала болжамды деректері бойынша Шағалалы өзенінің бассейндеріндегі қар қорының көлемі 29% - дан асатын Ақмола облысын қоспағанда, өзен бассейндеріндегі қар қорының көлемі қалыпты шегінде және одан төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының Есіл және Тоғызақ өзендерінде қазіргі уақытта қар қоры норма шегінде. Қазіргі уақытта ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 70-75% - ды құрайды.
Юрий Ильин атап өткендей, су басу қаупі бар аймақта ел бойынша 276 елді мекен бар, бұл жерде 270 мыңнан астам адам бар.
Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді.
Бүгінгі күні су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 13 млн. астам текше метр қар шығарды, жанар-жағармай, инертті материалдар, қаптар мен жарылғыш заттар қоры қалыптастырылды.
Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында саны 10 мың адам және 1 800 астам бірлік техника азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды.
Наурыз айының басында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, оның барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің дайындығы тексеріледі.
Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін ел бойынша 315 елді мекенде су басу қаупінің туындауына жол берілмеді және тағы да 314 елді мекенде қауіп-қатер барынша азайтылды.
Су тасқыны кезеңінің өтуі ТЖМ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында тұр.
Отырыс қорытындысы бойынша Асқар Мамин су тасқыны кезеңінің төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі