Елімізде жыл сайын автокөліктерде 2 мыңнан аса өрт тіркеледі

Елімізде жыл сайын автокөліктерде 2 мыңнан аса өрт тіркеледі

Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт тіркеледі.

Тек 2020 жылдың 12 айында автокөліктерде  2 216 өрт орын алды, шығыны 618 млн. теңгені құрады.

2021 жылдың қаңтар айында автомобиль көлігінде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн.теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде өрттер саны 2 есе артты (2020 ж. – 110), материалдық залал 5  есе өсті (2020 ж. - 15 млн.теңге).

Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.

Өрттердің жалпы санының 15-20%-ын автокөлік құралдарындағы өрт құрайды және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;

- мотор бөліктерін жанғыш материалдармен жылыту, аталмыш материалдарды радиаторлар алдындағы кеңістікке орнату;

- қолдан жасалған  газ жабдығын орнату;

- отты абайсыз қолдану;

- отын жүйесінің, қозғалтқышты майлау жүйелерінің ақауы;

- электр жүйесінің ақауы;

- ашық от көздерін қолдана отырып, автомобильдерді жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;

- қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттерді алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі