2021 жылғы 24 ақпанда сағат 15.00-де ZOOM бейнеконференцбайланыс арқылы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан азаматтық қорғаныс және қорғауға арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жобасына қатысты реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін талқылау бойынша қоғамдық өкілдерімен және мүдделі адамдармен кеңес өткізіледі.
Осыған байланысты, қолданыстағы талаптарды күшейту және қайта қарау мәселелері бойынша шешім қабылдау процесіне кәсіпкерлік субъектілерінің және мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында кеңеске қатысуға шақырамыз.
Қатысушылар тізімін ағымдағы жылғы 20 ақпанда kanat@emer.kz электронды мекен жайға жолдауды сұраймын (ұйымдастырушылық мәселелер бойынша байланыстағы тұлға Қ.О. Тұрысбаев моб. тел. 8-701-701-04-77).