Рейстік автобус жолаушыларын құтқару

Рейстік автобус жолаушыларын құтқару

2021 жылғы 16 ақпанда 00 сағат 35 минутта «Шідерті» ТМҚП Павлодар облысы Екібастұз ауданы Қызылорда-Павлодар тас жолының 1152 шақырымында күрделі метеорологиялық жағдай салдарынан «Камаз» автокөлігі қалааралық жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Оқиға орнына ТМҚП шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы келіп жеткен кезде автобуста 14 жолаушы, оның ішінде 1 бала бар екені анықталды.

Барлық жолаушылар жарақаттар мен зақымданулардың болуына тексерілді.

Үшеуі түрлі жарақаттармен Екібастұз қ. қалалық ауруханасына жатқызылды. 9 жолаушы мен бір баланы жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялады.

«Шідерті» ТМҚП шұғыл медициналық көмек бригадасының жедел әрекетінің арқасында 12 адам құтқарылды және қауіпсіз жерге көшірілді.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ