
Ағымдағы жылғы 12 ақпанда Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі И.Д.Күлшімбаев «Нұр-Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауының алаңында азаматтарды онлайн режімінде қабылдады.
Қойылған мәселелер сипаты әртүрлі болды, мұқият және жан-жақты қарауды талап етеді.
Республиканың кейбір өңірлерінің тұрғындары алдағы көктемгі су тасқыны мәселесін көтерді, оған бірінші виц-министр осы мәселенің күнделікті бақылауға алынғаны және жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы жауап берді.
И.Д.Күлшімбаев ТЖМ зейнеткерлерінің өтініштерін де назардан тыс қалдырмады, кадр және заң департаменттеріне мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, ұсыныстар беруді тапсырды.