
Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты мен Беларусь ТЖМ АҚУ Гомель филиалы бірлескен авторлық ұжым «Өрт автомобилінің жүргізушісі» атты екі томдық оқулығын жазып бітірді.
Айтулы шығармашылық жұмысқа жедел-тактикалық пәндер кафедрасының азаматтық қорғау полковнигі Р.Баймағанбетов пен аға оқытушысы азаматтық қорғау майоры М.Сейдалин, сондай-ақ Беларусь ТЖМ азаматтық қорғау университетіндегі әріптестеріміз В.Копытков пен В.Боднаруктар қатысты.
Өрт сөндіру техникасының мәліметтер кешенін құру мақсатында қолға алынған оқулықта өрт сөндіру автомобильдерінің жіктелуі, құрылысы, байланыс құралдары, ақаулар және оларды жою әдістері жинақталған. Құнды кітап өрт-техникалық бейіні бойынша білім беретін мекемелердің курсанттары мен тыңдаушыларына, қызметі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған аумақтық бөлімшелердің және өз қызметінің түрі бойынша өрт техникасын әзірлеумен және пайдаланумен байланысты басқа да мекемелердің қызметкерлеріне көмек көрсетеді.
Бірінші томда өрт сөндіру автомобильдерін орнату және пайдалану мәселелері, ақаулықтар және оларды жою тәсілдері, автоцистерналармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары көрсетілген.
Екінші том өрт сөндіру автомобильдерін жіктеуге арналған. Сондай-ақ өрт сөндіру автомобильдерінің материалдық бөлігінің мәселелері, пайдалану ережелері көрсетілген. Әр том 50 данадан басылып шығарылады.
Айта кетейік, оқулық Көкшетау техникалық институтының бастығы, техника ғылымдарының докторы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпхановтың редакциялауымен жарық көрді.
ҚР ТЖМ КТИ