ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының Маңғыстау облысы ТЖД бөлімшелеріне жұмыс сапары

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының Маңғыстау облысы ТЖД бөлімшелеріне жұмыс сапары

8 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Мақсаты – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен танысу. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы суда құтқару станциясы құрылысының барысымен танысты. Жаңа объектіні пайдалануға беру ағымдағы жылдың маусым айына жоспарлануда.

Нұрболат Бекболатұлы Дербісов Ақтау қаласының № 1 және № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдеріне, жедел-құтқару жасағының Ақтау қаласының құтқару бөлімшесіне, «Өрт сөндіруші» АҚФ өрт сөндіру бөліміне және Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылындағы жаңа өрт сөндіру депосына барды.

Сапар барысында қызмет өткеруді ұйымдастыру, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің техникасымен, өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығымен жарақтандыру жұмысымен танысты. Өрт сөндіру деполарына барып, жеке құраммен кездесулер өткізді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

қоғаммен байланыс жөніндегі тобы