Батыр ерлігіне тағзым

Батыр ерлігіне тағзым

2021 жылғы 30 қаңтарда  қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге  соғыстағы көзсіз ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күн. Осыған орай Көкшетау техникалық институтының басшы және жеке құрамы қала орталығындағы  саябақта  орналасқан ер Мәліктің ескерткішіне жылдағы дәстүр бойынша  гүл қойып, еске алды.

Шараға облыстық білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Г.Бекназарова мен Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Қ.Мырзабек те қатысып, Батыр рухына тағзым етті. 

Институт басшысы С.Шәріпханов курсанттарды осы елеулі күнмен құттықтап, оларға  ізгі тілегін жеткізді.  Көкшетау техникалық институты үшін Батыр Мәліктің алар орны бөлек. Өйткені өткен жылы  республикалық ономастикалық комиссия  оқу орнына қаһарманның атын беру  туралы  шешім қабылдаған болатын.  Бүгінгі курсанттар ертеңгі күні Мәлік Ғабдуллин атындағы  оқу орнын тәмамдайды.  Сырым Дүйсенғазыұлы «сондықтан  Батыр атындағы оқу орнының білім алушылары сол атаққа сай болулары  қажет екендігін»  айтты.

Айта кетейік, Институт болашақ құтқарушыларға Батырдың жасаған ерлігін үлгі етіп, осы уақытқа дейін  оның өмір жолын насихаттап келеді.

 

ҚР ТЖМ КТИ баспасөз қызметі