ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары

2021 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесуде азаматтық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыруға, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, ұйымдар мен мекемелердің алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығының жай-күйіне қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Бұдан әрі, белгіленген бағдарламаға сәйкес, ол өңірдің бірқатар ірі өндірістік және әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралады. Қазақстан Республикасы ТЖМ «Резерв» ШЖҚ-дағы  РМК «Целина» филиалын аралады. Кәсіпорын басшылығымен алдағы кезеңге арналған ағымдағы мәселелер мен міндеттер қаралды.

Мереке Пішембаев ірі индустриялық объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын назарға ала отырып, «Атамекен Дос» ЖШС диірмен кешенінің астық дақылдарын өндіру және өңдеу жұмыстарымен танысты.

Күннің екінші жартысында вице-министр Қостанай қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ-де болды.

Келесі күні вице-министрдің басшылығымен Қостанай облысы ТЖД 2020 жылғы жұмыс қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Департаменттің жеке құрамымен кездесуде вице-министр Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алдында тұрған халықтың және ел аумағының табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерге тоқталды. Облыстық ведомство мен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті қызметінің қорытындылары туралы баяндамаларды тыңдады. Ол оң сәттерді атап өтіп, қазіргі мәселелер мен кемшіліктерге тоқталып өтті. Департамент бастығына құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері арасында заңдылықты қамтамасыз ету және қатаң тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, халықтың азаматтық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы