
2021 жылғы 23 қаңтар күні 14 сағат 27 минутта Жанақорған ауданында ақ түтек боран салдарынан М-32 «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1912-2057 шақырымында жол жабылды. Ауа райы күрт нашарлап, Түркістан облысы шекарасында автокөліктер қар құрсауында қалды, оның біреуі жолдан шығып кетті.
Халық қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын болатын Сыр құтқарушылары бұл жолы да көлік тізгіншілеріне көмекке келді. Автокөліктерді қауіпсіз жерге шығару және жолаушыларды эвакуациялау үшін Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер және 2 бірлік техника, Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 10 қызметкер мен 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 14 сағат 35 минутта Жанақоран ауданы, 2010-2035 шақырым аралығында яғни, Манап ауылы мен Қыраш ауылың аралығы қар құрсауынан жолды тазалауға 4 жүк және 3 жеңіл автокөлігі шығарылып, 12 адам құтқарылды.
Ал, 19 сағат 10 минутта Түркестан облысының шекарасы тұсында қар құрсауынан жолдың таза учаскесіне 7 жүк және 6 жеңіл автокөлігі шығарылып, нәтижесінде 14 адам құтқарылды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол бойынша қаза болғандар мен зардап шекен адамдар жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық
құтқару жұмыстары қызметі