ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Медеу ауданында ер адамды құтқарды

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Медеу ауданында ер адамды құтқарды

Кезекті оқиғалардың бірі Алматы қаласының маңындағы тауларда орын алды. 2021 жылдың 22 қаңтарында сағат 01.05 минутта РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне Медеу бөгеті ауданындағы қырқаға көтерілген  1996 жылы туған ер адамға шұғыл медициналық қажеттігі, ол өздігінен қозғала алмай жатқандығы  туралы  хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден 6 адам, оның ішінде бір кинологиялық есептен тұратын РЖҚЖ жедел тобы зардап шеккен адамды іздеуге шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен адамды Медеу бөгетінің бақылау алаңының жоғарғы жағынан 500 метр жерден тапты. Зардап шеккен адам тоңып қалған екен. Оқиға орнына келіп жеткен РЖҚЖ құтқарушылары бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті.   Құтқарушылар зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зембілге жатқызып, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен қауіпсіз аймаққа тасымалдауды бастады. Зардап шеккен адамды тасмалдау оңайға түспеді, себебі зардап шеккен адам туристер  жүрмейтін тасты - бұралаң соқпақ жермен көтерілген екен. Зардап шеккен адамды бөгет аумағына түсірген кезде туыстары, полиция  және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері  күтіп алды.  

РЖҚЖ құтқарушылары қала мен таудағы ауа райы бірдей болмайтынын  ескертеді!  Егер сіз  тауға серуендеуге шықсаңыз,  өзіңізбен сіріңке, қосымша жылы киім, жаңбырдан қорғанатын жамылғы, маусымға сәйкес арнайы аяқ киім алыңыз. Тауға шығар алдында жақындарыңызға өз бағытыңыз жайлы ескерткеніңіз жөн, бұл түрлі төтенше жағдай орнаған жағдайда іздеу жұмыстарын жеделдетеді.

 

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» баспасөз қызметі