Алматы қаласының өрт сөндірушілері ағаш қоймасындағы 1,5 мың шаршы метр аумақты қамтыған өртті жарты сағатта сөндірді

Алматы қаласының өрт сөндірушілері ағаш қоймасындағы 1,5 мың шаршы метр аумақты қамтыған өртті жарты сағатта сөндірді

2021 жылғы 21 қаңтарда 08 сағат 18 минутта  Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Жетісу ауданы Қазыбаев көшесі 2 үй мекенжайына шақыртудың жоғары дәрежесімен жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сөндірушілер келгенде 1500 шаршы метр аумақта жеке тұрған бір қабатты құрылыс ағаштары сақталған қойма ғимаратының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт шыққан қоймадан  жоғарв температура әсерінен оттың 10-15 метр қашықтықта орналасқан көрші қоймаларға таралу қаупі туындаған.

Өрт сөндіру гидранттарының қашықта орналасуына байланысты, су өрт автоцистерналардың көмегімен қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге және қоймаларды оттан қорғау үшін 2 автобаспалдақ пен 8 әмбебап өрт оқпандары берілді. Қызыл жалынды сөндіру үшін  Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар арқылы өрт 30 минуттың ішінде сөндіріліп, 09 сағат 35 минутта толықтай жойылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Осыған байланысты, ТЖМ объект иелеріне, өртті болдырмау мақсатында электр сымдарын жарамды күйде пайдаланып, электр құралдарына техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізіп тұруды ұсынады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі