
Орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар жағдайын бағалау және алдын алу, су басу қауіпі бар жерлерге, Каспий теңізінің акваториясы жағалауындағы шомылуға тыйым салынған жерлерге мониторинг жасау мақсатта Маңғыстау облысының ТЖД бастығы Мұрат Мұханов, оның орынбасары Бекболат Каирбекұлы Абдикадыров және Маңғыстау облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының міндетін атқарушы Мирбек Қараев «Қазавиақұтқару» АҚ-ның ЕС-145 тік ұшағымен аэровизуалды шолу жүргізді.
Шолу барысында Департамент басшылығымен қызмет басшысына осыған сәйкес Маңғыстау облысы аумағындағы табиғи және техногенді саладағы төтенше жағдайлар картасына аса қауіпті жерлерін белгілей отырып, аса қауіпті жерлеге қосымша посттар қою және жоғары жүрісті техникаларды жұмылдыру туралы тапсырмалар берілді.
Атап кету керек, бұндай ұшу оқу–жаттығулар ТЖ министрлігімен бекітілген, ол тек біздің облыста ғана өтпейді, бұл әр түрлі тақырыпта жылында арасына бір ай салып еліміздің барлық жерлерінде өткізіліп отырады, сонымен қатар әрине төтенше жағдайларды жою және авариялық–құтқару және іздестіру жұмыстарды жүргізу барысындағы сапалыққа әсер етеді.
Б. Абдикадыров
Маңғыстау облысы ТЖД
бастығының орынбасары
подполковник