
13 қаңтарда Катонқарағай ауданында 1982 және 1988 жылы туған екі ер адам адасып қалған, олар Ново-Хайрузовка ауылынан Алыбай ауылына қарай жолға шығып, «ВАЗ 2114» маркалы автокөлігі қарға батып қалған себепті жете алмаған. 27-ӨСБ және полиция қызметкерлері адасып қалған адамдарды іздестірді. Іздеу тобы 21 сағат 30 минутта Ново-Хайрузовка және Алыбай ауылдары арасындағы тас жолының 15 шақырымында далада табылды. Алғашқы көмек көрсету үшін ер адамдар орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Ер адамдардың айтуынша, көлік салонында қатып қалмас үшін олар қағазды жағып отырған.
ШҚО ТЖД тұрғындардың назарын дауылды ескерту туралы ақпарат алған кезде құтқарушылардың ұсынымдарын елемеуге болмайды:
- елді мекендерден кетпеуге;
- егер сіз жолға шығамын десеңіз автокөлігіңізді дәрі қорабы, кабельмен, күрекпен, жылы заттармен, тамақ өнімдерімен, ыстық шаймен жабдықтаңыз;
- ауа райы туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасында қадағалау»;
- құтқарушыларды көліктен шықпай күтіңіз. Машинаңызды әрбір 10 минут сайын қыздырып отырыңыз және уланып қалмау үшін терезелерді сәл ашу керек;
- осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз көмек күте аласыз және қиын жағдайдан шығынсыз шыға аласыз.
Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі