Іздестіру жұмыстары

Іздестіру жұмыстары

2021 жылғы 7 қантар  күні сағат 18:33-те Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округінде БҚО ТЖД (4 қызметкер және 2 бірлік техника) күштері ВАЗ 21031 автокөлігімен (НИВА) жылқыларды 7 қаңтар күні 11 сағат 00 минутта адасып кеткен 1989 жылғы туылған екі азамат іздестірді.

Сағат 21.24-те іздестіру тобы адасып қалған адамды Аралтөбе ауылының оңтүстік-шығысынан 20 шақырым жерде даладан тауып, Аралтөбе ауылына жеткізілді (медициналық көмекке мұқтаж емес).Олардың көлігінің техникалық ақауы болған. Құтқарылған адамдар құтқарушыларға алғыс айтты.

Синоптиктердің болжамын мұқият қадағалап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларды ескеру қажет. Егер ауа райының тұрақтылығы мен өз денсаулығына қатысты күмән туындаса, елді мекендерден, ал кейбір жағдайларда өз үйлеріңізден кетпеуіңіз керек.

БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында ұсынады:

- ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру және қоршаған табиғатты бақылау;

- қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалыңыз, елдімекендер шегінен шықпаңыз;

- ауыр және артық салмақтағы киім кимеңіз;

- бейтаныс жерлерге бармаңыз, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынына әрқашан дайын болыңыз;

- төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына құлақ асыңыз.

Жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау денсаулықты, тіпті өмірді сақтап қалары сөзсіз!

Төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласыңыз.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі