
2021 жылғы 4 қаңтарда сағат 02.10-да Курчатов қаласының құтқарушыларына алыс жолға шығатын жүргізушілер өтініш білдірді. Павлодар облысына қарай блок бекетінде дизельді отынмен жүретін «Шансиман» маркалы 7 көлік жанармайы қатып қалғандығынан жүре алмай, тоқтап қалған екен. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖБ мен 15-ӨСБ құтқарушылары 15 азаматты жылыту бекетіне жеткізіп, жергілікті атқарушы орган тамақтануды ұйымдастырды.
ШҚО ТЖД құтқарушылары елді мекенннен тыс алыс жолға шығар алдында «Дармен» ұялы қосымшасын жүктей отырып жолдардың жабылуы мен ашық екені және ауа-райы туралы ақпаратты біліңіз; баратын орныңыз бен оралу уақытын туыстарыңызға хабарлаңыз; жылы киім-кешек алыңыз; көлікте қолшам, дәрі қобдишасы, тосс, көліктің аккумуляторын қуаттаңыз. Елді мекеннен тыс жерге аса қажет болмаса шықпаңыз және құтқарушылардың аязды күндері шектеулері бойынша ұсыныстарын тыңдаңыз. Құтқарушылрдың көмегі қажет болса 112-ге хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі