
Көк Жайлау үстірті - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары арасындағы ең танымал бағыттардың бірі болып саналады. Жаңа жыл мерекесінен кейін, адамдар демалыс күндерін таза ауада өткізуге тырысады, алайда қауіпсіздік шараларын ұмытып жатады.
2021 жылғы 3 қаңтар күні сағат 15.40-та РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне, 1997 жылы туған ер адамның аяғын сындырып алып, өздігімен қозғала алмайтыны туралы хабарлама келіп түсті. 8 адаммен оның ішінде 1 кинологиялық есептен тұратын құтқару тобы 1 дана жедел автокөлікпен оқиға орнына бірден аттанды. Жол – жөнекей жедел топ зардап шеккен адамның достарымен хабарласып, олардың нақты қайда екенін анықтады. Жедел топ зардап шегушінің достарымен үзбей байланыс орната отырып, олардың хал – ахуалын біліп, дәл сол орыннан қозғалмауларына кеңес берді. Зардап шеккен адам Көк Жайлау шыңына дейін 300 метрдей жерде болды.
Зардап шеккен адам достарымен таудан төмен сырғанаған екен. 1997 жылы туған ер адам үлкен жылдамдықпен төмен сырғанап келе жатып, басқа бағытқа сырғанап кетіп, тасқа соғылған, салдарынан - сол аяғының балтырының сүйегін сындырып алған. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті, зардап шегушіні жылытып, жылы киім кигізіп, аяғына таңғыш қалақ жасап, тасымалдауды бастады. Соқпақ жолдың кей жерлерінде мұз қатқандықтан, зардап шеккен адамды тасымалдау қиындады. Соған қарамастан, РЖҚЖ жедел тобы зардап шеккен адамды шатқал автокөлік тұрағына жақын орналасқан, шлагбаумының жанында күтіп тұрған Апаттар медицинасы ортылығының бригадасына аман-есен тапсырды.
ҚР ТЖМ «РЖҚЖ» баспасөз қызметі