
Қостанай облысының аумағында салыстырмалы түрде аздаған қар жамылғысы болғанымен, термометр күн санап 20 градустан төмен түсуде.
2021 жылғы 3 қаңтарда облыстың оңтүстік өңірінде Арқалық қаласынан 70 шақырым жерде Аққошқар ауылынан таңғы сағат 10:30-да Жезқазған қаласына қарай қарда жүруге арналған көлікпен жоғалған малын іздеуге шыққан 1963 жылы туған ер адам далада жоғалып кеткен.
Сағат 22:50-де ТЖ департаментінің 5 адамнан тұратын құтқарушылар тобы өтімділігі жоғары Нива Бронто-МАРШ автокөлігімен ер адамды іздеуге шықты. Ер адамды іздеу үшін Аққошқар ауылынан 250 шақырым жерді шолып шығып, 2021 жылғы 4 қаңтарда таңғы сағат 05:00-де кенттен 95 шақырым қашықтықта табылды. Құтқарушылар келген бойда зардап шеккен адам қарда жүруге арналған көлік құралы сынғаны және бұл ауданда ұялы байланыс жоқ екені анықталды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық болды, сол себептен медициналық көмекке мұқтаж емес еді. Зардап шеккен адам тұрғылықты жері бойынша Аққошқар кентіне жеткізілді.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі қысқы қолайсыз жағдайларда мүмкіндігінше үйде болуға және дауылды ескертулер туралы нұсқаулықтарға жауапкершілікпен қарауға кеңес береді. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жағымсыз салдардан сақтайсыз.
Қостанай облысының ТЖД