Павлодар облысының аумағында өрт сөндіру бекеттері құрылады

Павлодар облысының аумағында өрт сөндіру бекеттері құрылады

2020 жылғы 30 желтоқсанда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ZOOM қосымшасы арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен «Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Павлодар облысының аумағында өрт сөндіру бекеттерін құру туралы» екі мәселе бойынша онлайн режимінде брифинг өткізді. Спикер болып Павлодар облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. И. Двинянин сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 45 өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді, олар жалпы саны 52 мыңнан асатын 177 елді мекенді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді, онда жарақтандыруында 47 бірлік түрлі техникадан тұратын адам, оның ішінде 29 бірлік өрт сөндіру және 18 бірлік бейімделген. Ағымдағы жылы «Кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына және аумақты дамыту жоспарына» сәйкес облыс аумағында 6 өрт сөндіру бекеттері құрылды, 9 818 адам саны бар 18 елді мекенді қорғауды қамтамасыз ететін 14 адам жұмысқа орналастырылды. Құрылған бекеттер ашық алаңдарда да, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде де өртті сөндіруге белсенді қатысады.

Департамент бастығының орынбасары А.И. Двинянин сонымен қоса жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қандай алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындары бойынша 150 рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында ішкі істер органдарымен бірлесіп 77 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Пиротехникалық бұйымдарды алып қою деректері бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама жасады.

Бүгінгі күні Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен онлайн режимінде (zoom мобильдік қосымшасы арқылы) «Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. Пиротехникалық өнімдерді сақтау» бойынша 15 дөңгелек үстел өткізілді. 1282 адамды қамтумен өрт қауіпсіздігі бойынша 254 нұсқама, дәріс, әңгіме өткізілді. Жаңа жылдық мерекелерге қатысты өртке қарсы тақырыпта 1445-тен астам үгіт-насихат материалдары жадынамалар, бүктемелер таратылды.

Сондай-ақ, Департамент бастығының орынбасары пиротехникалық бұйымдарға қатысты ерекше назар аударды, мереке күндері қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отшашулар мен шартылдақтарды дүкендердің мамандандырылған бөлімдерінде ғана сатып алу керек, бірақ ешқандай жағдайда оларды сақтау шарттары сақталмайтын базарларда сатып алуға болмайды. Температуралық режимдердің сақталмауына байланысты пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Сапасы күмәнді тауарды сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз және қазақ және орыс тілдерінде жасалған оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз.

 

 Павлодар облысының ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы