Алматы облысының құтқарушылары әуесқой балықшыны құтқарды және «Алматы-Өскемен» автожолынан 37 адам эвакуациялады

Алматы облысының құтқарушылары әуесқой балықшыны құтқарды және «Алматы-Өскемен» автожолынан 37 адам эвакуациялады

Анықталғандай, екі ер адам 28 желтоқсанда «Уаз» автокөлігімен Аягөз өзенінің сағасынан Балқаш көліне қысқы балық аулауға аттанған. Мұз үстімен шамамен 5 шақырым жүріп өткен автокөлік, көлде пайда болған мұз жарығына құлады, машинаның алдыңғы бөлігі батып кетті. Бұл учаскеде ұялы байланыс болмағандықтан, ер адамдардың бірі, 1989 жылы туған азамат көмекке жаяу аттанды.

Көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД-не 29 желтоқсан күні сағат 09.22-де келіп түсті, шақыру орнына 1989 жылы туған ер адаммен бірге Сарқан ауданының Лепсі ауылынан ТЖД құтқарушылары аттанды. Оқиға орнына келген бойда мұздың тарағаны және көліктің батып кеткені, сонымен қатар көліктің жанында қалған 1979 ж.т. азамат оқиға орнында болмағаны анықталды. Құтқарушылар ер адамды іздеуге кірісіп және оны үш сағаттан кейін аман есен тапты.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және автокөлікпен мұзға шықпауды сұрайды.

Бұдан бсқа, 2020 жылдың 29 желтоқсанында, кешке «Алматы-Өскемен» автожолының 414 шақырымында «Алматы-Ұржар» бағыты бойынша жолаушылары бар «Setra» маркалы автобус сынып қалды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен Урал «Вахтовка» автокөлігімен, автобус салонынан Сарқан қаласына 37 жолаушы (барлығы ересектер) эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Шақырту орнына Алматы облысының ТЖД (4 қызметкер және 2 бірлік техника), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Сарқан қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік) шықты.

                                                              Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі