СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында жүкті әйелге көмек көрсетілді

СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында жүкті әйелге көмек көрсетілді

28 желтоқсанда сағат  8.33-де Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимское селосы № 16 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің телефонына Мұқыр селосында жаңа босанған 21 жастағы мүмкіндігі шектеулі әйелге шұғыл көмек қажет екендігі туралы қоңырау түсті. Ана мен баланы алып кеткен «жедел жәрдем» көлігінің ақаулығы салдарынан осы елді мекеннен алыс емес «Новоселовка-Мұқыр» жолында тұрып қалғаны белгілі болды.

Оқиға орнына бөлім бастығы, азаматтық қорғау майоры Нұрсұлтан Елеусізов бастаған жедел топ жүріп өту мүмкіндігі жоғары «ТРЭКОЛ» машинасымен шықты. Жарты сағаттан кейін оқиға орнында жетті. Бірақ келгеннен кейін операциялық араласу қажет болғаны анықталды - орталық аудандық аурухананың дәрігерлері Виктор Авраменко мен Вероника Казинаға  ауылда қабылдаған босандыру бірқатар жағдайлармен қиындай түсті. Анасы   жаңа туған қызымен бірге абайлықпен жылы кабинаға ауыстырылды, ол сол дәрігерлер тобы үшін операция бөлмесіне айналды. Көп ұзамай ТРЭКОЛ кері жолға шықты. Сағат 11-де анасы мен баласы Новоишимка селосының   орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазір ана мен бала қауіпсіз, олардың жағдайы тұрақты.

         

         СҚО ТЖ департаментінің 

қоғаммен байланыс тобы