Жолда қалған 14 адам эвакуацияланды

Жолда қалған 14 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 28 желтоқсанында сағат 15.22-де Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 135 шақырымында техникалық ақау салдарынан «Setra» маркалы жолаушылар автобусының қозғалтқышы істен шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

Сағат 15.38-де Қызылорда облысы ТЖД-нің 4 қызметкері  «Паз» автобусымен оқиға орнына шықты. Сағат 17.05-те «Камаз» техникасы сүйреп келе жатқан жолаушылар автобусы мен шақырту орнына келе ТЖД қызметкерлері автокөлік жолының 30 шақырымында кездесті. «Нұр-Сұлтан-Шымкент» бағыты бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар автобусында 37 адам болған. 14 адам эвакуацияланды, қалған 23 адам эвакуациядан бас тартты. Сағат 18.11-де барлық жолаушылар: 37 адам 3 бірлік техника Қызылорда қаласына келді. Қазіргі уақытта барлық жолаушылар аман-есен алған бағытына (Шымкент қаласына) жетті.

 

Қызылорда облысының ТЖД