Ақмола облысында ТЖД Фронт-офисі ашылды

Ақмола облысында ТЖД Фронт-офисі ашылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың және Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар департаменті-Адалдық алаңы» фронт - офисінің ашылуы өтті.

Енді облыс тұрғындары азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу, объектілерді өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жедел және ыңғайлы түрде консультациялық көмек ала алады.

«Бұл бағытта мемлекеттік органдар ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған» халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру аясында белсенді жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта облыста халыққа қызмет көрсетудің «сервистік моделіне» және ашық офистік кеңістік форматына әкімдіктер де, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері де көшетінін көріп отырмыз. Барлығы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, бюрократияны қысқарту және азаматтарымыздың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру үшін жасалуда», - деп атап өтті өңір басшысы Ермек Маржықпаев.

Халыққа ыңғайлы болу үшін салық алаңы бірінші қабатта орналасқан, сондай-ақ мұнда күту үшін қолайлы жағдайлар, ақпараттық стендтер, имидждік бейнематериалдар көрсетілген теледидар қарастырылған.

«Бүгін Көкшетау қаласының 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында фронт-офис ашылды. Кеңсені ашу мақсаты «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою, біздің фронт-офис күн сайын жұмыс істейтін болады, мұнда азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі саласындағы және осы бөлімшелерге жұмысқа орналасу мәселелері бойынша біздің мамандар кезекшілік етеді», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Департамент бастығының айтуынша, салынған фронт-офис азаматтарға көшеде күтуден, БӨП-тен өтуден және кабинеттер бойынша жүруден аулақ болуға мүмкіндік береді. Өтінішті қабылдау рәсіміне және басқа да рәсімдерге 15 минуттан аспайтын уақыт кетеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, бұл күні облыс әкімінің төрағалығымен өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және ТЖ аумақтық департаменті басшылығының қатысуымен кеңес өткізілді, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту бойынша одан әрі жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Ақмола облысының барлық 19 өңірі мен Красный Яр ауылының әкімдіктері «сервистік» жұмыс форматына көшті, ал мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ореnѕрасе және frontoffice форматындағы 95-тен астам кабинет ашылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі