
2020 жылғы 27 желтқсанда 20.20-да Ұзынкөл ауданының аумағында Неклюдов көлінің жанында 4 жолаушысы бар автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қостанай тұрғындары О.Неклюдов көліне қысқы балық аулауға келген екені белгілі болды. Үйге қайтып келе жатып, Қостанай-Мамлютка республикалық трассасына шығу үшін ауылға іргелес жатқан жолымен өткен еді.
ВАЗ 2110 маркалы автокөлігінің төмен орналасуынан көлік қар құрсауында қалған, арасында машинаны сүйреп отырған. Тас жолға жетпей, Ұтақан ауылынан шамамен 10 шақырым жерде жеңіл көлік сынған.
Қаладан келген балықшылар жергілікті жерді нашар білгендіктен, құтқарушыларға өздерінің нақты орналасқан жерін түсіндіру қиындық туғызды. Құтқару жұмыстарын қатты жел, боран, нашар көріну қиындатты.
Екі сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін, сағат 22.45-те азаматтарға көмекке Ұзынкөл ауданының ТЖ бөлімі мен Федоров ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері келді. Нива маркалы автокөлікте олар сынған көлікті Ұзынкөл ауылына апарып, жергілікті техникалық жөндеу станциясы аумағында қалдырды.
Келесі күні таңертең автокөлік жөнделгеннен кейін балықшылар үйіне бет алды.
Құтқарушылар балық аулауға аттанарда қажет болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу үшін өзімен бірге байланыс құралдары болуы қажеттігін ескертеді.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы