«30 игі іс» қайырымдылық іс-шарасы

«30 игі іс» қайырымдылық іс-шарасы

Жаңа жыл-армандар орындалатын мереке. Әр бала Аяз Атаны көруді және одан сыйлық алуды армандайтын уақыт.

Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары, көпбалалы, толық емес отбасылар, мүгедек балалар, сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары мен жесірлері ТЖМ-нен жаңа жылдық сыйлықтар алды.

2020 жылғы 26 желтоқсанда Кадр саясаты департаментінің қызметкерлері ТЖМ орталық аппараты мен комитеттер қызметкерлерінің балаларына барып, сыйлықтар табыс етті. Іс-шара Аяз Ата мен Ақшақардың ертегі жаңа жылдық кейіпкерлерінің бейнесінде ұйымдастырылды, бұл жаңа жыл алдындағы мереке мен сиқырға ерекше атмосфера берді.

Жаңа жылдық сыйлықтар Нұр-Сұлтан қаласында тұратын азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің 490-нан астам балаларына берілді. Осыған ұқсас іс-шараны «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД де өткізді.

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты деғпартаменті