
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының бақылаушылары жүргізген мониторингтен кейін, желдің үрлеу салдарынан көшкін қаупі бар беткейлерде шамамен 70 сантиметр қар жиналғаны атап өтілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, осы ведомствоның мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары облыстық маңызы бар жолдарда көшкіндердің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізді.
«Ағымдағы қысқы кезеңде Өскемен – Өскемен - Таулы Үлбі-Солтүстік, Өскемен - Алтай, Өскемен - Самар автожолдарында көшкіннің алғашқы түсуі ұйымдастырылды. Алдағы мерекелерде адамдар елдімекендер аумағынан, демалыс базаларына белсенді түрде шығатын болады, ал қар массасы түсірілмейінше, бұл қауіпсіз емес», - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының директоры Омар Дұзғымбаев.
Жүргізілген 10 жарылыстың нәтижесінде 4470 текше метр қар массасы түсірілді. Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар учаскелер саны- 497, олардың 336-сы объектілер мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді, автожолдар бойындағы жалпы ұзындығы 105 км –лік 16 учаскедегі көшкін қаупі бар ошақтар қауіпті болып табылады.
Қысқы кезеңде қар көшкіні жағдайына тәуліктік мониторинг жүзеге асырылады. ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қаупі бар уақыт - қатты қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейін жылымық, қатты жел екенін еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс.
Егер сіз қар көшкіні қауіпті аймақта болсаңыз: Қар көшкіннің жүруі мүмкін болатын жерлерді біліңіз. Рұқсат етілмеген жерлерде серуендеуден аулақ болыңыз. Әрқашан зарядталған телефонды өзіңізбен бірге алыңыз. Тауда жүргенде ауа-райының өзгеруіне назар аударыңыз. Көшкін қаупі бар тау бөктерін бір-бірден және мүмкіндігінше жоғары жағынан кесіп өтіңіз. Қауіпсіз жол – жотаның бойымен. Тыныштықты сақтаңыз. Есіңізде болсын, қатты айқай көшкіннің түсуін тудырады. Көшкін қаупі бар учаскеден автомобильмен өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз. Аса қажеттілік болмаған жағдайда, тауға барудан аулақ болыңыз. Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі