Алматылықтарға пиротехниканы іске қосу және үйлер мен пәтерлерде шыршаларды безендіру кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

Алматылықтарға пиротехниканы іске қосу және үйлер мен пәтерлерде шыршаларды безендіру кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков жаңа жылдық мерекелерде пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты.

Алматы қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекелерінде 10-нан 15-ке дейін өрт болады (жылжымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейінгі аралықта), ал өрттің жалпы санының 30 пайызы пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан орын алады. Соңғы 5 жылда болған 76 өрттің 16-сы пиротехниканы қолданудан болды.

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбау салдарынан тұрғындар арасында жарақат алғандар бар.

40 шара өткізіліп, полиция қызметкерлері 826 кг сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді тәркіледі. Шаралар барысында тұрғындар арасында пиротехниканы дұрыс қолдану туралы 2000-нан астам жадынама, брошюралар мен ескертпелер таратылды.

Полиция қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабының 1-бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды. (Тауарлармен немесе өзге заттармен заңсыз сауда жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге заттармен сауда жасау - 25 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуға әкеп соғады).

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы қаласының тұрғындарына пиротехникалық өнімдерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы айтып өтемін:

- пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамның тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;

-14 жасқа дейінгі балаларға пиротехниканы өз бетімен қолдануға жол бермеңіз;

- пиротехниканы қолдану кезінде өнімді өзіңізден алыстау ұстаңыз;

- қауіпті аймақ радиусында (50 метр), (ағаш шоқтары, сызықтар, отшашулар бағытын өзгерте алатын электр желілері) пиротехниканы ұшыруға ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз;

- өнімді қатты желде қолданбаңыз;

- пиротехникалық өнім жарамсыз болған жағдайда, екінші қайтара іске қоспаңыз;

- ракета мен отшашуды адамдарға қарай бағыттамаңыз және аяқтарының астына лақтырмаңыз;

Шыршалар мен олардың әшекейлерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі ережелерді ескеру қажет:

- ағаштар орнықты негізге орнатылып, үй-жайдан шығуға тосқауыл болмауы керек;

- шыршаның бұтақтары қабырға мен төбеден кем дегенде 1 метр қашықтықта орналасуы қажет;

- трансформаторсыз электр желісін пайдаланған кезде кернеуі 12 Вольтке дейінгі шамдарды қолданыңыз. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ваттан аспауы керек;

- егер жарықтандыру кезінде ақаулық анықталса (сымдардың қызуы немесе ұшқын шығару), онда гирляндты дереу электр желісінен ажыратыңыз;

- зақымданған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан, өрт тудыруы мүмкін жарамсыз электр желілерін пайдаланбаңыз.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі