
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы жергілікті полиция қызметімен және Павлодар қ. ТЖ басқармасымен бірлесіп, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында облыс тұрғындарымен кең ауқымды, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап бермейтін пиротехникалық өнімдердің санкцияланбаған саудасын анықтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізді. Рейдтік іс-шараларға Павлодар қаласының базарлары және сауда нүктелері кірді.
Рейд барысында тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді, атап айтқанда:
- өнім сертификатталғанын;
- пиротехниканы пайдалану ережелерімен міндетті танысу;
- тұрақталған автокөліктердің жанында ракетницаларды атуға болмайтыны;
- 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс;
- бұйымдарды қолдан іске қоспауды.
Рейд аясында барлығы 56 адамға нұсқаулық беріліп, өртке қарсы тақырыпта жадынамалар, бүктемелер таратылды.
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілері анықталған жоқ.
Жалпы бұл жұмыс Павлодар облысы бойынша жүргізіліп жатыр, бүгінгі күні Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 114 рейд жүргізді. Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 957 адамға нұсқау беріліп, өртке қарсы тақырыпта 998 жадынама таратылды.
Онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері Павлодар облысының кәсіпкерлерімен 14 дөңгелек үстел өткізді.
Павлодар облысы ТЖД