ШҚО ТЖД құтқарушылары тауда оқу-жатығу өткізді

ШҚО ТЖД құтқарушылары тауда оқу-жатығу өткізді

Оқу-жаттығудың аңызы бойынша Таулы Үлбі аумағында шаңғы теуіп жүрген шаңғышы қар көшкініне тап болып, қар астында қалып қойған. Белгілі болғандай жігіт құтқарушылардың ескерткен дауылдық ескерту туралы хабарламасын ескермеген екен. Іздеу жұмыстарына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен кинологиялық қызметі келіп жетті.

5 жыл бойы қызметте жүрген лабрадор-құтқарушы Рэм аты ит іздеуге ең бірінші болып кірісіп кетті, ал құтқарушылар сырықтың көмегімен учаскені тексеруді бастады. 20 минуттан кейін ит шаңғышыны тауып алып оқиға орнын анықтап берді. Құтұарушылар жігітті қар астынан шығарып алып, Шерп арнайы көлігімен таудан түсіріп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне табыстады. Көшкінде қалған жігіт түрлі жарақаттар алған екен. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жансақтау шараларын жүргізіп, зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізді.

Оқу-жаттығу шеңберінде Қазселденқорғау мамандары биылғы жылы алғаш рет осы учаскеде профилактикалық қар көшкінін түсірді, нәтижесінде 350 текше метр қар түсті. Жол қызметтері жолды қардан тазалады.

Оқу-жаттығуға «Жас Отанның» волонтерлері қатысты. Оларға іздеу жұмыстары бойынша шеберлік сағаты және алғашқы көмек көрсету ережелері көрсетілді. Волонтерлер үшін алдын ала ШҚО ТЖД оқыту орталығында арнайы курс өткізілген болатын. 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі