Құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар көмекке келді

2020 жылғы 22 желтоқсанда түнде, белгілі болғандай, Нива маркалы автокөлік Жарқын елді мекенінен 30 шақырым жерде (Семей қаласынан 47 км.) сынып қалған, көлік ішінде 3 жолаушылар болған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғары өтімді Нива-Марш автокөлігінде үш аңшыны эвакуациялады.

ШҚО ТЖД еске салады:

- жолға шығар алдында міндетті түрде көлікті тексеріп, жақындарыңызға өз маршрутыңызды және оралу уақытыңызды хабарлаңыз;

- көлік құралының техникалық жағдайын тексеріңіз;

- автомобильді троспен, дәрі қобдишасымен, жылы заттармен жабдықтаңыз;

- Дармен мобильді қосымшасында жолдардың жағдайы туралы алдын ала біліп алыңыз.

Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі